Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық Вьетнамнан экстрадицияланды

12.08.2026 14:34

Күдікті өз үйінде алкогольдік масаң күйде болған, арты жанжалға ұласқан

Анасына бірнеше рет пышақ сұғып, шетелге қашып кеткен Қазақстан азаматы ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Дереккөзге сүйенсек, оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Күдікті өз үйінде алкогольдік масаң күйде болған, арты жанжалға ұласып, кейін ол өз анасына пышақпен соққы жасаған. Осы әрекетінен кейін ол жазадан жалтарып, шетелде бой тасалаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам аумағында жүргені анықталып, маусым айында ұсталған.

Аталған қылмысты жасағаны дәлелденген жағдайда, күдіктіге үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Саян Әбденов.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық орындарда сақ болыңыз: қалта ұрлығынан қалай қорғануға болады

Толық көрсету