Қазақстан әртістік жүзуден әлем чемпионатында өнер көрсетуді бастады

12.08.2026 14:44

Әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады

Depositphotos.com

Бүгін, 12 тамызда Венгрияның Будапешт қаласында әртістік жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. Ұлттық құраманың тізімі келесідей: Салима Ақылбек, Виктор Друзин, София Ихшенко, Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Жанерке Нұркенқызы, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова.

Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз ерлер арасындағы техникалық бағдарламада және командалық сайыста (техникалық бағдарлама) сынға түседі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Сенің де қолыңнан келеді: Алматыда ерекше қажеттілігі бар балалар арасында шағын футболдан турнир өтті

Толық көрсету