Антикор "Жобалардың ведомстводан тыс сараптамасы" филиалының директорын ұстады

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Тексеріс кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" филиалының директорын ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Антикор хабарлағандай, мақсатты жедел іс-шаралар өткізіліп, оның нәтижелері бойынша Алматы қаласындағы ауруханаларда, мектептерде және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерде қазандықтарды қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға оң қорытындылар беру кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталды.

"Биылғы 27 қазанда бұрын келісілген 73,5 млн теңгеден 12,2 млн теңге сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Солтүстік өңірі бойынша "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК филиалының директоры әшкереленді", - делінген хабарламада.

Параның бір бөлігін берген шенеунік пен компанияның құрылтайшысы сот санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккендердің 1,5 млрд теңгесін ұрлаған: Астанада қор басшысы ұсталды

Новости партнеров