Аптап ыстықта қандай тағам жеген жөн - дәрігерлер кеңесі

Мира Байбекова
Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ыстық күндері шөлді басатын ең тиімді сусын – қарапайым ауыз су

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаздың аптап ыстығында дұрыс тамақтану мен жеткілікті мөлшерде су ішу ағзаны қызып кетуден және сусызданудан қорғауға көмектеседі. Мамандардың айтуынша, мұндай күндері тәтті газдалған сусындар мен алкогольден бас тартқан дұрыс, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Терапевт дәрігерлер пікірінше, ыстық күндері шөлді басатын ең тиімді сусын – қарапайым ауыз су. Ал тәтті газдалған сусындар мен алкоголь ағзаны одан әрі сусыздандырып, жүрекке қосымша салмақ түсіреді.

Жазғы ас мәзірінде құрамында су мөлшері көп көкөніс пен жемістерге басымдық берген жөн. Атап айтқанда, қияр, кәді, қарбыз және түрлі жидектер ағзадағы сұйықтық қорын толықтыруға көмектеседі.

Сондай-ақ мамандар жеңіл ақуыз көздерін – балықты, тауық етін және қышқыл сүт өнімдерін тұтынуға кеңес береді. Ал майлы ет, шұжық өнімдері мен фастфудты шектеу қажет.

Көмірсулардың ішінде қарақұмық, булгур, киноа және қоңыр күріш сияқты жармалар ұзақ уақыт тоқтық сезімін сақтап, қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне жол бермейді. Керісінше, тәтті тағамдар мен тоқаш өнімдері шөлдеуді күшейтуі мүмкін.

Ыстық күндері термен бірге ағзадан калий мен магний де көп мөлшерде бөлінеді. Сондықтан банан, жаңғақ, көк шөптер мен авокадоны тағам рационына қосқан пайдалы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да аптап ыстық кезінде сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішуді, алкоголь мен құрамында қанты көп сусындарды шектеуді және жеңіл, теңгерімді тағамдарды тұтынуды ұсынады. Осындай қарапайым қағидаларды сақтау күннің ыстығын жеңіл өткеруге және денсаулықты қорғауға көмектеседі.

Дереккөз: radio1.ru

Оқи отырыңыз: Жеке аударым ба, әлде кәсіп пе: салық органдары екі араны қалай ажыратады