Арбат Эко-фест: фестиваль аясында жасөспірімдер түрлі байқауға қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шаһардың Жібек Жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында сенбілік жұмыстарының жалғасы ретінде «Арбат Эко-фест» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттаған бастамаға қала жастары белсенді атсалысқан. Фестиваль аясында балалар мен жасөспірімдер танымдық ойындар мен түрлі байқауларға қатысып, экологиялық жауапкершілік туралы білімін жетілдірді. Ал Арбат бойымен серуендеген тұрғындар мен қонақтар ерекше көңіл-күйге бөленіп, табиғатқа жанашырлық танытуға үндеген мазмұнды іс-шараның куәсі болды.

«Бұл жоспарлы жұмысымыздың мақсаты – адамдарды, әсіресе жастарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу. Мұндай іс-шаралар арқылы олар қоқысты қайда, қалай тастау керек екенін, қайта өңдеудің маңызын тәжірибе арқылы түсіне алады. Сол себепті фестиваліміз жалғасын тапса екен дейміз. Себебі экосана бір күнде қалыптаспайды, оны үнемі айтып, көрсетіп, үйретіп отыру қажет», – деді Eco Network негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов.

Оқи отырыңыз: Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 18 сатыға жоғары көтерілді

Новости партнеров