Хасан Қасымбаевқа қатысты істе жәбірленуші қорғауға алынды

Бұл туралы соққының астында қалып, қорлық көрген Арман Әлімовтің анасы арнайы брифингте мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде аты шыққан Хасан Қасымбаевқа қатысты істе жәбірленуші деп танылған азаматтар қорғауға алынды. Бұл туралы соққының астында қалып, қорлық көрген Арман Әлімовтің анасы арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске сала кетейік, үш жыл бұрын ММА спортшысын ұрып, таяқтың астына алғандардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалып, қоғамда қызу талқыланған. Жәбірленушінің анасының сөзінше, Әлімов сол кезде бас жарақатын алып, өкпесін зақымдаған. Соның салдарынан бір жарым жыл бойы туберкулез диспансерінде ем қабылдаған.

"Хасан Қасымбаевтың бұл іске қатысы бар екені барлық тергеп-тексеру жұмыстары аясында дәлелденді. Жәбірленуші де сөзінде оның кінәсі бар екенін айтты. Соның нәтижесінде Қылмыстық процессуалдық кодекске сәйкес бас бостандығынан айырылып, қамауға алынды", – деді  Кәсіби заң консультанттары палатасының мүшесі Әлішер Әлішев.

Оқи отырыңыз: Атырауда мопед жүргізушілерінің кесірінен 6 адам қаза тапқан

Новости партнеров