Архившілер күні: Алматыда бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды

Құнды құжаттарды келешек ұрпаққа мұра етіп жеткізуде өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер марапатталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Архившілер күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Кездесуде Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихының сақталуы мен құнды құжаттарды келешек ұрпаққа мұра етіп жеткізуде өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Сонымен қатар тарих қойнауынан жинақталған бірегей құжатты-суретті көрме ұйымдастырылды. Ал жиын соңында архившілер құрметіне жанды дауыста ән шырқалып, күйден шашу шашылды.

Естеріңізге сала кетейік, Архившілер күні 2020 жылдан бері тойланып келеді.

«Архивтің басты мақсаттарының бірі – құжатты жинақтау, сақтау, жариялау.  Бүгінгі таңда бір үлгісі өтіп жатыр десек болады. Архивтегі құжаттарға осындай іс-шаралар арқылы екінші өмір сыйлаймыз», – деді Алматы мемлекеттік архиві құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Ләйлә Рахипова.

Оқи отырыңыз: Түрлі-түсті шам, аниматорлар мен әсем әуен: Алматыда безендіру жұмыстары аяқталды

Новости партнеров