Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", — делінген құжатта.
Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында туған.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) «экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы дипломатиялық саладан басталып, мемлекеттік басқару жүйесінде жалғасты:
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.
- Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы.
- «АВЕ Корпорация» ЖАҚ стратегия және мониторинг департаментінің директоры.
- Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры.
- Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
- Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі.
- 2025 жылғы 25 ақпаннан бүгінген дейін Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.
Оқи отырыңыз: Тағы бірнеше министрліктің басшылары тағайындалды