Тағы бірнеше министрліктің басшылары тағайындалды

Ақорда
Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлықтарға қол қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының Жарлығымен тағы бірнеше министрліктің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, Мұрат Мұханов ҚР Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі қызметіне кірісті.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар Ерсайын Нағаспаев ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Ал Арман Шаққалиев ҚР Сауда және интеграция министрі болды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Бірқатар жоғары лауазымға жаңа басшылар тағайындалды