Армян мәдениеті: Алматыда фестиваль өтті

Фестивальде Рубен Казарянның ерекше жандарға арнап түсірген деректі фильмінің де көрсетілімі өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Армян мәдениеті» атты фестиваль өтті. Іс-шара аясында жиналған көпшілікке сол ұлттың ғасырлар бойы сақталған өнері көрсетіліп, тарихы насихатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Сондай-ақ танымал қазақстандық мүсінші Эдуард Казарянның туындылары көрмеге қойылып, келушілер оның түрлі жанрдағы еңбегін тамашалады. Фестивальде Рубен Казарянның ерекше жандарға арнап түсірген «Мен электросамокат ойлап таптым» атты деректі фильмінің де көрсетілімі өтті. Іс-шара кейін әуезді әнмен жалғасқан кешке ұласты.

"Армян ұлтының өнері мен мәдениеті ерте кезеңде қалыптасып, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан. Бай мұрамызды бүгін көрсетіп жатырмыз. Соның ішінде XVIII-XIX ғасырларға тән дәстүрді көрсеттік. Іс-шараға өзге ұлт өкілдері мен түрлі мәдени орталық қызметкерлерін де шақырдық", – деді Армян мәдени орталығының төрағасы Артуш Карапетян. 

Оқи отырыңыз: Жылан – құпиялар жылы: ел тарихында қандай маңызды оқиғалар болды 

 

Новости партнеров