Арнайы операция: Жамбыл облысында есірткі плантациясы табылды

14.09.2026 15:47

Ірі қарасора алқабын жасырын өсірген 40 жастағы Тараздық тұрғын ұсталды

Жамбыл облысында ірі қарасора алқабын жасырын өсірген 40 жастағы Тараздық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті плантацияны құмды алқапқа жақын аумақта заманауи суару жүйесімен және дербес электр қуатымен қамтамасыз етіп баптаған. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған. Құзырлы орган алқапты әуеден ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы анықтаған. Ер адам өсірілген өсімдіктерді өңдеп, еліміздің басқа өңірлеріне көтерме бағамен сатуды жоспарлаған. Тінту кезінде жалпы салмағы 438 келі, биіктігі 2 метрден асатын 50 түп қарасора, агротехникалық жабдықтар, сондай-ақ сериялық нөмірі өшірілген тапанша, мылтық, оқ-дәрілер және және есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын автокөлік тәркіленген. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300 және 287-баптары бойынша құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру және заңсыз қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шараларын жүргізілуде», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Оқи отырыңыз: Арал ауданында полиция қызметкерін өлтірген күдікті қамауға алынды

 

 

 

 

Толық көрсету