Арнаулы мемлекеттік органдар қызметіне қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Заң ұлттық қауіпсіздік және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды және оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Заң ұлттық қауіпсіздік және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Құжатпен жұмыс барысында депутаттар мемлекеттік құпияларды қорғау шараларын күшейтуге қатысты бірқатар түзету енгізді.

Сонымен қатар экстремистік және террористік материалдарды тасымалдауға тыйым салуды белгілеу мақсатында Азаматтық процестік кодекске, сондай-ақ «Терроризмге қарсы іс-әрекет туралы» және «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» заңдарға өзгерістер енгізу ұсынылады. Бұл түзетулер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларымен үйлестіруге бағытталды.

Бұдан бөлек, депутаттар терроризмге қарсы іс-әрекет мен экстремизмнің алдын алу саласында мемлекеттік органдардың құзыреттерін нақтылады. Заңда арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру мәселелері бойынша құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған нормалар да қарастырылды.

Атап айтқанда, қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен танысу кезінде уәкілетті басшының құқықтары регламенттелді, ұлттық қауіпсіздік органдарының қорын пайдалану тәртібі нақтыланды, сондай-ақ әскери және арнаулы оқу орындарына түсу кезінде бұрынғы атағын сақтайтын тұлғалар санаты кеңейтіледі.

Оқи отырыңыз: Ақордада Чех Республикасының премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

Новости партнеров