Арыста жарты тоннаға жуық мефедрон тәркіленді: есірткі зертханасын құрған ағайындылар ұсталды

Күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арыс қаласында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан ағайынды екі жігіт ұсталды. Ішкі істер министрлігінің ақпарынша, олар заңсыз кәсіптерін қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде іске асырып келген, — деп хабарлайды Almaty.tv.

Тінту амалдары кезінде оқиға орнынан жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон және 1,5 тонна прекурсор табылды. Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ, заңсыз зертханадан есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар алынды.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтың айтуынша, күдіктілерге қатысты қатаң жаза қолданылуы мүмкін:

«Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Қазіргі таңда ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Елдар Әбдікенов.

Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары Түркістан облысы мен Астана қаласы бойынша белсенді жалғасып жатқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның агросекторына ЖИ мен цифрлық платформалар енгізілуде

Новости партнеров