Аса ірі алаяқтық жасады делінген күдікті әйел Грекиядан экстрадицияланды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Грекиядағы Қазақстан елшілігінің жәрдемімен аталған елден аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматшасын экстрадициялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

"Ол 2021 жылы, Алматы қаласындағы тасымалдау компаниясында бухгалтер болып жұмыс істей отырып, өзінің басшысынан 230 000 АҚШ долларын банктік сейф ұяшығында сақтау сылтауымен алып, оларды иемденіп кеткен деп күдіктеліп отыр.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

2024 жылғы маусымда ол Грекия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасының болмауына байланысты оны Сербия аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды ұйымдастыруға Қазақстанның Сербия Республикасындағы Елшілігі қолғабыс көрсетті.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Оқи отырыңыз: Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

Новости партнеров