Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Жетісу облысы полиция департаменті Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»ның «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызметімен бірлесіп өткізген рейдтік іс-шаралар барысында, Ескелді ауданы Ащыбұлақ су қоймасынан заңсыз балық аулаған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің жариялаған мәліметіне сүйенсек ұсталған азаматтардың бірі 62 де екіншісі 31 жаста. Құзырлы орган өкілдері броконьерлерді сол жерден ұстап, олардан заттай дәлелдемелер ретінде: 25 балық, тор және үрлемелі қайық тәркілеген.
Полиция заңсыз балық ресурстарын аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Қарыздарыңды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды