Астана – Алматы және Астана – Семей бағыттарына заманауи жаңа пойыздар жолға шығады

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңа вагондарды іске қосу Мемлекет басшысының  тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

5 қарашадан бастап Stadler жаңа жолаушылар вагондарынан жасақталған № 3/4 «Нұрлы жол– Алматы-2» және № 153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойыздарына билеттер сату басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғашқы пойыздар Астанадан Алматыға 11 қарашада, Семейге 13 қарашада жолға шығады. Жаңа вагондарды іске қосу Мемлекет басшысының жолаушылар жылжымалы құрамын жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Жасалған келісімшартқа сәйкес, 2030 жылға дейін 557 жолаушылар вагонын кезең-кезеңімен жеткізу және оларға кейіннен сервистік қызмет көрсету көзделген.

Вагондар еліміздің климаттық ерекшеліктерімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, отандық зауытта шығарылады. Купе вагондары 40 жолаушы орнына, ал плацкарт вагондары 56 орынға арналған.

Жаңа вагондар заманауи климат-бақылау жүйелерімен, жеке жарықтандыру құралдарымен, кернеуі 220 В электр розеткаларымен, USB және USB-C порттарымен, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар жүріп-тұруы шектеулі жолаушылардың жайлы сапар шегуі үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында пойыз құрамына ыстық тағамдар, сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға болатын буфет вагондары енгізілген.

Оқи отырыңыз: Алматыда ақылды көлік жүйесі пайда болуы мүмкін