Астана халқы екі деңгейлі жолдармен жүретін болады

15.05.2026 13:59

Жол Қабанбай батыр даңғылында салынуы мүмкін

Астана халқы Токио мен Сеулдегідей екі деңгейлі жолдармен жүретін болады. Алайда нақты қашан екені белгісіз. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта тек эскиздік жобалар ғана қолға алынған, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Оның сөзінше, алғашқы екі деңгейлі жол Қабанбай батыр даңғылында салынуы мүмкін. Шаһар билігі жобаның нақты сомасын әлі есептемепті. Сондай-ақ Ерсін Өтебаев құрылыстың мерзімін де дөп басып айта алмады. Тек кейбір көшелердің қиылыстарында жерасты өткелдері салынуы мүмкін екенін жеткізді. 

«Қазіргі уақытта екі деңгейлі жолдар бойынша эскиздік жобалар әзірленіп жатыр. Әртүрлі нұсқалар қарастырылуда. Жерүсті және жерасты жолайрықтары болуы мүмкін. Бұл кезеңде әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Дегенмен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай екі деңгейлі жол қала үшін, әсіресе елорда үшін қажет», – деді Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев.

Оқи отырыңыз: Алматы экономикасына 476 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды