Астана күні: мерекеде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

03.07.2026 11:12
Almaty.tv

Астана күніне орай 6 шілдеде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, -  деп хабарлайды Almaty.tv.

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 4 шілде күні азаматтарды қабылдау тек кезекші орталықтарда жүргізіледі. Кезекші ХҚКО-лар 09:00-ден 13:00-ге дейін, кезекші МХҚКО-лар 09:00-ден 12:00-ге дейін өтініштерді қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүзеге асады.

Ал 7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Алматы қаласы бойынша кезекті орталықтардың мекен-жайлары: 

Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А.

Марков к-сі, 44.

Саялы ш/а, Аққайнар к-сі, 1.

Кемел ш/а, Ақсуат к-сі, 118.

Жандосов к-сі, 51.

Оқи отырыңыз: Заң мен Тәртіп: кітапхана қызметкерлеріне киберқылмыстан қорғану шаралары түсіндірілді