Апат салдарынан екі адам қаза тапқан болатын
Астана маңында жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан болатын.
«Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза болды