Астана маңындағы ұшақ апаты: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

22.06.2025 17:27

Апат салдарынан екі адам қаза тапқан болатын

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан болатын.

«Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза болды