Астана маңында жекеменшік ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Апаттың себептері анықталуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана маңында жекеменшік ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазір арнайы комиссия құрылып, жеңіл моторлы әуе кемесінің апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталып жатыр. Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-інші бабына сәйкес жарияланбайды.

«Жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша, Көліктегі полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 344-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Өкінішке қарай, апат салдарынан екі адам қаза тапты. Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда», – деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова.

Оқи отырыңыз: Ашуға булыққан қызы анасын пышақтап, өлтірген

Новости партнеров