Astana Media Week 2025: отандық және шетелдік медиа сарапшылар қандай тақырыптарды талқылайды

Биыл шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай және бірқатар Еуропа елінен 65-ке жуық спикер қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Орталық Азияның ең ауқымды медиа апталығы «Astana Media Week 2025» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биылғы шараның тақырыбы «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы». Апта бойы отандық және шетелдік медиа сарапшылар, мемлекеттік ұйым өкілдері мен халықаралық серіктестер бас қосып, саланың өзекті бағыттарын талқылайды. Бағдарламада медиаэтика, деректі кино өндірісі, жасанды интеллектті медиада қолдану, имидж қалыптастыру, цифрлық коммуникациялар, дата-журналистика және журналистердің кәсіби деңгейін көтеру сияқты бағыттар қамтылған. Қатысушылар үшін пленарлық және панельдік сессиялар, баяндамалар, жабық питчингтер, сондай-ақ тәжірибелік шеберлік сабақтары өткізіледі.

 «Бүгінгі күні медиамен журналистер ЖИ-мен әрі қарай жұмыс істей ме? Серіктестік болды ма? Әлде бәсекелестік болды ма? Соның барлығы медиа алаңда талқыланатын болады. Сонымен қатар диджитали медианың ішінде этиканы сақтау ережелері бойынша сессия талқыланады», – деді «Astana Media Week» ұйымдастыру комитетінің мүшесі Бибігүл Құламан.

Айта кетейік, «Astana Media Week» елорда төрінде қатарынан тоғызыншы жыл өтуде. Биыл шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай және бірқатар Еуропа елінен 65-ке жуық спикер қатысып, тәжірибе алмасады. Қатысушылардың айтуынша, шара бүкіл өңірдің медиа саласының дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды. Ол кәсіби мамандарды, мемлекеттік органдар мен халықаралық серіктестерді бір арнаға тоғыстырып келеді.

Оқи отырыңыз: Нью-Йорк марафонына қатысқан 80 жастағы ақсақал елге оралды

 

 

Новости партнеров