Биыл мерейтойлық жиын медиа саласын дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге және кәсіби байланысты нығайтуға бағытталған
Астанада Astana Media Week 2026 медиа апталығының екінші күні өтіп жатыр. Іс-шара аясында «Үздік баспасөз хатшысы» және «Үздік баспасөз қызметі» аталымдарының жеңімпаздары анықталып, мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметінде үздік нәтиже көрсеткен мамандар марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Үздік баспасөз қызметі» аталымында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мен Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі үздік деп танылды.
Ал «Үздік баспасөз хатшысы» аталымының жүлдесі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айнаш Қойшыбаева мен Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменоваға табысталды.
Айта кетейік, Astana Media Week 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Медиа апталыққа мемлекеттік органдардың, қазақстандық және шетелдік БАҚ-тың, технологиялық компаниялар мен кәсіби қауымдастықтың өкілдері жиналады. Биыл мерейтойлық жиын медиа саласын дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге және кәсіби байланысты нығайтуға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматының тау кластері: жастар үшін қандай жаңа жұмыс орындары ашылады