Статистикаға сәйкес, бүгінде Қазақстанда 26 адамның есімі – Астана
Бүгін Қазақстанның бас қаласы – Астана Астана өзінің туған күнін атап өтуде. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы елорда туралы қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2026 жылғы 1 маусымдағы мәліметке сәйкес, Астанада 1 674 699 адам тұрады. Оның ішінде 884 мыңнан астамы – әйелдер, ал 790 мыңнан астамы – ерлер.
Статистикаға сәйкес, бүгінде Қазақстанда 26 адамның есімі – Астана.
Өткен жылы елордада 27,4 мың сәби дүниеге келген. Ал жыл басындағы жағдай бойынша қалада 545 мың бала тұрады. Оның 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз.
2026 жылдың алғашқы бес айында Астанада 3 469 неке тіркелген. Қала тұрғындарының орташа жасы 30,9 жас, ал өмір сүру ұзақтығы 78,8 жас.
Елорда кәсіпкерлік жағынан да қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда мұнда 274 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Сондай-ақ 18,5 мың құрылыс компаниясы тіркелген. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш.
2025 жылғы дерек бойынша, Астанада 576 мың пәтер бар. Ал қоғамдық тамақтану орындарының саны 6 819-ға жетіп, бұл көрсеткіш бойынша елорда Алматыдан кейінгі екінші орында тұр.
Мәдени инфрақұрылым да кеңейіп келеді. Қалада 31 театр, 5 музей, 35 кітапхана және 24 саябақ жұмыс істейді.
Цифрлық көрсеткіштерге келсек, тұрақты интернет пайдаланушыларының саны 443,4 мыңға жеткен. Ал биылғы бірінші тоқсанда елорда қонақүйлерінде 67,9 мың шетелдік турист тоқтаған.
Сондай-ақ бүгінде Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй қызмет көрсетеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, демографиялық өсім, кәсіпкерліктің дамуы мен туристер санының артуы Астананың еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі екенін көрсетеді.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады