Синоптиктердің мәліметінше, 10 наурызда Астанада көшпелі бұлттан кейін өткінші қар жауады
Астана әуежайында ауа райы мен авиакомпаниялардың қызметіне байланысты бірнеше рейс кестесіне өзгерістер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазірге дейін Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда, Бішкек және Омбы бағыттарына ұшуы тиіс 11 рейстің уақыты өзгерді. Олардың екеуі операциялық себептерге, үшеуі ұшақтарды ауыстыруға, қалғандары кешігуге байланысты кейінге қалдырылған.
Сонымен қатар Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы және Омбы бағыттарына 9 рейс кейінге шегерілді. Астанадағы қолайсыз ауа райынан 2 рейс кейінге қалдырылса, қалғандары кешігу себебінен басқа уақытта ұшатын болды.
"Ауа райының нашарлауына байланысты Астанада 3 кіріс және 8 шығыс рейсі толық тоқтатылды", - деп хабарлады Астана халықаралық әуежайы.
Синоптиктердің мәліметінше, 10 наурызда Астанада көшпелі бұлттан кейін өткінші қар жауады, бұрқасын болып, артынша тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауа райына байланысты мектеп оқушылары онлайн форматқа ауысты