Референдумға дейін:
4
күн
4
сағат
47
минут

Қазақстанда ауа райына байланысты мектеп оқушылары онлайн форматқа ауысты

Almaty.tv
Almaty.tv

Негізгі себептер — қатты аяз, көктайғақ және екпінді жел

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы 10 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында оқушылардың бір бөлігі қашықтықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өңірлердегі жағдай:

  • Ақмола облысы: Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға көшті.

  • Қостанай облысы: Өңірде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн форматқа ауысты. Бұл – 553 сынып, барлығы 6 417 оқушы.

  • Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласында ауа температурасының -28°C-қа дейін төмендеуіне және секундына 2 метр желдің болуына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

  • Абай облысы: Семей қаласында көктайғаққа байланысты 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (1 және 2-ауысым) қашықтықтан оқуға көшті.

Абай облысының аудандарында:

  • Бесқарағай ауданы: 1-9 сыныптар бойынша 5 мектеп, 10-11 сыныптар бойынша 9 мектеп.

  • Жаңасемей ауданы: 11-сыныптар бойынша 8 мектеп.

  • Көкпекті ауданы: 1-9 сыныптар бойынша 1 мектеп, 1-11 сыныптар бойынша 2 мектеп.

  • Зайсан ауданы: Қатты желге байланысты бірінші ауысымдағы М. Дәуленов атындағы мектеп-интернат, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицей, М. Әуезов атындағы орта мектеп, М. Ломоносов атындағы орта мектеп, Сауыр орта мектебі, Ю. Гагарин атындағы орта мектептерінің 0-11 сынып оқушылары, сондай-ақ Айнабұлақ және Жарсу орта мектептерінің 1-сыныптары онлайн оқиды. Аудандағы қалған 20 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, 10 наурызда Ақтөбе облысы мен Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) сабақтар қашықтықтан өткізіледі.

Оқи отырыңыз: Көктем келіп, қыс кетер: 2026 жылдың наурыз айында ауа райы қандай болмақ

Новости партнеров