Ерлік – тәрбие жемісі: Алматыда патриоттық форум өтті

Жобаның басты өзегі — өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ерлік – тәрбие жемісі». Дәл осындай атаумен Алматыда патриоттық форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурызбай ауданындағы білім беру ошақтарының бірінде ұйымдастырылған басқосуда көпшілікке ауған соғысының қатысушысы, «Көк байрақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әуез Бейсенбаевтың авторлық курсы таныстырылды. Іс-шара барысында автордың өзі сөз алып, жобаның басты өзегі — өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу екенін атап өтті.

«Бірнеше жыл жинаған тәжірибеміздің арқасында «Ерлік – тәрбие жемісі» деген авторлық бағдарлама ретінде элективті курс жазылды. Енді жақын арада Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігімен кездескенде оқушылар арасында  патриоттық тәрбиені күшейту мәселесін көтерілді. Соған үлес қосу мақсатында бағдарлама жазылды», – деді «Ерлік-тәрбие жемісі» элективті курс авторы Әуез Бейсенбай.

«Мектебімізде патриоттық форум өтіп жатыр. Осындай іс-шаралар әділетті қоғам қалыптастыру үшін, мектеп жасынан бастап елді сүйюге баулу жұмыстары көбірек жүргізілуі керек деп есептеймін. Форумда ерлік тақырыбында баяндама оқып, Әуез Бейсенбаевтың элективті курсы негізінде сыныптан тыс жұмыс басталып жатыр», – деді оқушы Әбдірахман Қайрат.

Оқи отырыңыз: Заң және тәртіп: білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылық айлығы басталды

Новости партнеров