Референдумға дейін:
13
күн
2
сағат
44
минут

Астанада Алғыс айту күніне орай республикалық форум өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

 Биыл – Алғыс айту күні жарияланғанына 10 жыл

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Алғыс айту күніне орай республикалық форум ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс-шараға этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдары, жастар және волонтерлік ұйымдар, қайырымдылық орталықтары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Биыл – Алғыс айту күні жарияланғанына 10 жыл. Қатысушылар бұл мерекенің қоғамдық бірлікті нығайтуда және тарихи сабақтастықты сақтаудағы маңызына тоқталды.

Форум барысында елде жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістер де талқыланып, іс-шараға қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдады. Жаңартылған Ата заң қоғамдағы бірлік пен әділеттілікті күшейтуге бағытталғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ қайырымдылық жасаудың маңызы сөз етілді. Этномәдени бірлестіктер өкілдері ұлтаралық келісімді нығайту мен құқықтық сананы арттыру мәселелеріне тоқталды. Жастар арасында жасампаз құндылықтарды дәріптеу қажеттігі де ерекше айтылды.

Форум аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі этномәдени бірлестіктердің бейнеқұттықтаулары көрсетілді. Жиын соңында қазақстандықтар Отанға адал қызмет етіп, қоғам игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз: Алматыда полицейлер шетелдік азаматқа көмектесті

Новости партнеров