Астанада автобуспен жүру ақысы қымбаттайды

Қолма-қол ақшамен де төлем жасауға мүмкіндік бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада автобуспен жүру ақысы 150 теңгеге қымбаттайды. Қала тұрғындары қазан айының соңына қарай қоғамдық көлік құнын жаңа тарифпен төлейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ қолма-қол ақшамен де төлем жасауға мүмкіндік бар. Оның құны 300 теңге. Ал қалалық жедел автобустарда жүру құны 300 теңге болса, қолма-қол төлейтін жолаушылар үшін 400 теңге деп белгіленген.

Электронды төлем жүйесі істен шыққан жағдайда жолаушылар тегін жүре алады. Алайда бұл ереже қолма-қол ақшамен төлейтіндерге қатысты емес.

Әкімдік жолақысын көтеру себебін тасымалдаушылар шығынының артуымен байланыстырып отыр.

Оқи отырыңыз: Астана мен Алматы әуежайларында жалған құжатпен өтпек болған 19 шетелдік анықталды