Қолма-қол ақшамен де төлем жасауға мүмкіндік бар
Астанада автобуспен жүру ақысы 150 теңгеге қымбаттайды. Қала тұрғындары қазан айының соңына қарай қоғамдық көлік құнын жаңа тарифпен төлейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ қолма-қол ақшамен де төлем жасауға мүмкіндік бар. Оның құны 300 теңге. Ал қалалық жедел автобустарда жүру құны 300 теңге болса, қолма-қол төлейтін жолаушылар үшін 400 теңге деп белгіленген.
Электронды төлем жүйесі істен шыққан жағдайда жолаушылар тегін жүре алады. Алайда бұл ереже қолма-қол ақшамен төлейтіндерге қатысты емес.
Әкімдік жолақысын көтеру себебін тасымалдаушылар шығынының артуымен байланыстырып отыр.
Оқи отырыңыз: Астана мен Алматы әуежайларында жалған құжатпен өтпек болған 19 шетелдік анықталды