Егінді таптап жатыр: Ақмола облысында киік 90 мыңнан асты

Былтыр өңірде ақбөкендерден 4 мың гектарға жуық алқап зардап шеккен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының шаруалары «Киік қаптап, егінімізді таптап жатыр» деп шағым айтты, деп хабарлайды Almatyt.tv.

Былтыр да ақбөкендерден 4 мың гектарға жуық алқап зардап шеккен. 

Айта кетейік, бүгінде аталған жануарлардың саны өңірде 90 мыңнан асты. Жағдайды қалыпта ұстау 48 мобильді топ жұмысқа кірісіпті. Оның құрамындағы 117 маман мен 45 техника Бетпақдала популляциясы мекен ететін барлық аумақта екі ауысыммен қызмет атқарады.

«Облыстағы киік саны 95 мыңға жетіп қалды. Көктемде, яғни ақбөкендердің төлдеп, көшіп-қонатын кезеңінде жануарлар саны 500-600 мыңға дейін жеткен. Олардың негізгі бөлігі Астрахань облысында», – деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Дінәлі Айтқожин.

«Қарағанды облысымен шектесетін аудандарда жер бедері күрделі. Сондықтан, шаруаларға да, бізге де қиындық көп туады. Табиғи себептен киіктерді айдау қиынға соғатын жағдайлар бар», – деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жетекшісінің орынбасары Арман Тұрымбаев.

Оқи отырыңыз: Елімізде фермерлік далалық мектептер құрылады

Новости партнеров