Астанада бұрынғы кинотеатрдың ғимаратында өрт шықты

Almaty.tv
Almaty.tv

Өртті өшіруге 21 техника мен 82 қызметкер жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Амангелді Иманов көшесінде орналасқан бұрынғы кинотеатрдың ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалын үш қабатты нысаннан бөлек, оған жапсарлас тұрған жұмыс істемейтін кафеге және ғимараттың сыртқы қаптама бөлігіне тараған. Тілсіз жау жақын маңдағы жүк көлігіне де зақым келтіріпті. Өртті өшіруге 21 техника мен 82 қызметкер жұмылдырылып, қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Бүгінде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«8 желтоқсан 2025 жылдың сағат 08:40-та Астана қаласы Байқоңыр ауданы Иманов көшесі 5 мекенжайы бойынша 3 қабатты жеке тұрған сыртқы қаптамасы жануы жайлы хабарлама келіп түсті. Бөлімшелер үшінші шақырту бойынша жіберілді.  Сағат 09:15-те өрт оқшауланды», – деді ТЖД бастығының бірінші орынбасары бақытжан Мәулен Бердиев.

Оқи отырыңыз: Алматыда кезекті көлік жуу нысаны бұзылып жатыр

Новости партнеров