Астанада электр энергиясының бағасы қымбаттайды

05.05.2026 15:53

Сұңғат Есімханов қала күн санап өсіп келе жатқандықтан, желілер мен қосалқы стансаларды жаңғырту қажет екенін айтты

Астанада маусым айынан бастап электр энергиясының бағасы қымбаттайды. Энергетика вице-министрі тариф құнынын неліктен өсетінін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сөзінше, жарыққа жауапты компания тариф көтеру мәселесін талқылап жатыр. Сұңғат Есімханов қала күн санап өсіп келе жатқандықтан, желілер мен қосалқы стансаларды жаңғырту қажет екенін айтты. Сонымен қатар ол сала қызметкерлерінің жалақысы ел бойынша орташа деңгейден төмен екенін айтып, тарифті көтеруге негіз бар екенін жеткізді.

«Астана электр желілерін тарату» компаниясы тариф көтеру мәселесін талқылап жатыр. Бұл тарифтерді Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Ұлттық экономика министрлігі бекітеді. Оған сәйкес барлық себеп жария тыңдау кезінде ашық түсіндіріледі», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда электр энергиясын өндіру артты