Астанада 2,1 млрд теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жосықсыз құрылыс салушы қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласының арнайы прокурорлары құрылыс компаниясының басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ведомство мәліметінше, мемлекетпен елордалық проблемалық тұрғын үй кешенін аяқтауға бөлінген бюджет қаражатынан құрылыс компаниясы 2,1 млрд теңге жымқырғаны анықталды.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 млн теңге қайтарылды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысымен байланысты коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып  оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Материалдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды

Новости партнеров