Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды

ҚР Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасы

Облыс тұрғындарына шамамен 350 медицина қызметкері қызмет көрсетеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтау қаласында жаңа облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нысанның құрылысы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен, активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында қаржыландырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, медицина қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жедел жәрдем станциясы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, жедел байланыс және диспетчерлік жүйелермен жабдықталған. Нысанның өндірістік қуаттылығы жылына 100 мыңға дейін шақыртуды қабылдауға мүмкіндік береді.

"Облыс тұрғындарына шамамен 350 медицина қызметкері, 36 жедел жәрдем бригадасы және 2 медициналық авиация бригадасы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар жедел жәрдем станциясының автопаркі 52 жаңа реанимобильмен толықты",-  делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Іс-шара барысында Ғабит Садырбеков нысанның әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, өңірлерді дамытуға және мемлекеттің әлеуметтік саясатын қолдауға Бас прокуратураның қосқан үлесін ерекше айтты.

Жаңа станцияның ашылуы Маңғыстау облысында жедел және шұғыл медициналық көмекті жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып табылады және өңірдегі медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Мәулен Әшімбаев: Референдум – саяси жүйені демократияландыру жолындағы маңызды қадам

 

Новости партнеров