Астанада LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордадағы LRT 16-17 мамыр күндері іске қосылып, жолаушылар тасымалын бастайды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Kazinform-ге сілтеме жасап.

"Бастапқы кезеңде жолаушылар ағыны 25-45 мың адам шамасында болады деп болжап отырмыз", – деді Асылбек Дүйсебаев.

Сондай-ақ ол станцияларда коммерциялық нысандар орналастыру қарастырылмағанын айтты. Оның сөзінше, бұл шешім технологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына байланысты қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT желісіндегі сынақ жұмыстары аяқталып, жүйе пайдалануға дайын екенін хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз: «Ақтөбе – тарының астанасы»: қалада ұлттық тағамдар фестивалі өтеді

Новости партнеров