Астанада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар барысында өрескел құқық бұзушылық дерегі анықталды.

"Сағат 11:30 шамасында Бейбітшілік көшесінде полиция қызметкерлері Nissan Qashqai қызыл түсті автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде көлік басқарғаны белгілі болды. Сонымен қатар, оның бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырып, заң талаптарын елемеген", - делінген хабарламада.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны расталды.

Аталған азаматқа қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, ол Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мас күйінде көлік басқару – адам өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық.

Оқи отырыңыз. Қазақстанда жауын-шашынды жасанды жолмен шақыратын жоба жақын күндері іске қосылады

Новости партнеров