Астанада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Ақорда
Ақорда

Парламенттік реформа бөліміне 500-ден астам ұсыныс түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының 4-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Еске сала кетсек, Презиент жарлығымен 8 қазанда құрылған Жұмыс тобы 14 қазанда Vемлекет басшысының қатысуымен алғашқы отырысын өткізген болатын.

Сол кезде e-Otinish мемлекеттік платформасы мен eGov қызметі жанынан Парламенттік реформа бөлімі ашылған еді. Бүгінгі отырыста мәлімделгендей, оған азаматтардан, сарапшылық қауымдастық пен қоғамдастық өкілдерінен 500 ден астам ұсыныс түскен.

Ерлан Қарин атап өткендей, алдағы реформаны кең көлемде талқылау одан ертерек басталып кетті. Ол - 2019-21 жылдары іске асқан саяси бастамалар мен 2022 жылғы Конституциялық реформаларды да қамтитын ауқымды саяси модернизацияның жалғасы.

Жұмыс тобының отырысында болашақ Парламенттің өзге билік институттарымен іс-қимылы және оның атауы басты тақырып ретінде талқыға салынды.

Жұмыс тобының мүшелері Конституцияға кіретін ауқымды өзгерістер заң шығарушы биліктің тиімділігін ғана арттырып қоймай, маңызды мемлекеттік институттардың өзара тиімді іс-қимылына серпін беретініне сенім білдірді. 

Парламент жүйесін жетілдіруге қатысты тың ұсыныстар жұмыс тобының келесі отырыстарында да қабылдана бермек.

Оқи отырыңыз: "Заң және тәртіп" аясында өткен іс-шаралар 4 млн азаматты қамтыды - ҚМА

Новости партнеров