Уәкілетті органдар мен марқұмның туыстары тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырады
Астанадағы Назарбаев университетінің 22 жастағы студенті жатақхананың 12-қабатынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құзырлы орган қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр. Оқу орнының баспасөз қызметі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, барлық жедел қызмет пен құқық қорғау органдары дер кезінде жұмылдырылғанын хабарлады.
Университет студенттер мен қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсетіп жатыр. Уәкілетті органдар мен марқұмның туыстары тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырады.
«Елорданың 22 жастағы тұрғынның денесі табылуына байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жұмыс жүргізілуде», – деді Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Эльмира Шәуленова.
Оқи отырыңыз: Алматыда жалған несиелеу схемасы әшкереленді