Астанада тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
ТЖМ
ТЖМ мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оқыс оқиға Астана қаласы Керей Жәнібек хандар көшесінде болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Керей Жәнібек хандар көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде алтыншы қабаттағы пәтердің балконы жанды. Құтқарушылардың күшімен 6 ш. м. аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!" — делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: БҚО-да ер адам Шалқар көліне батып кетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10