Қостанай облысында суға кеткен көліктен үш адамның денесі табылды

Adrian Villa/ unsplash.com/
Adrian Villa/ unsplash.com/

Куәгерлердің айтуынша, көлікте үш адам болған, олардың бірі — бала

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысы Амангелді ауданында көліктің өзенге түсіп кетуі салдарынан үш адам, оның ішінде бір бала қаза тапты. Мәйіттер іздестіру-құтқару жұмыстары барысында табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 10 шілдеде Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды ауылы маңында бірнеше адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, көлікте үш адам болған, олардың бірі — бала.

Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, соның ішінде жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында үш адамның да денесі табылып, судан шығарылды.

Ведомство атап өткендей, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 Оқи отырыңыз: Астанада тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

Новости партнеров