Астанада «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі, Arman Murhanov
Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі, Arman Murhanov

Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласында «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталмыш сыйлық баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы мамандардың кәсіби жетістіктері үшін беріледі.
✔️Биыл сыйлыққа 400-ден астам өтініш келіп түсті. Шорт-листке 44 үміткер енді. Жұмыстар 11 номинация бойынша ұсынылды, оның ішінде «Жылдың үздік журналисі», «Үздік репортаж», «Үздік жаңалықтар сайты» және басқалары бар.



Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Сондай-ақ «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының арнайы марапаттары да табысталды.

Арнайы сыйлықты «Казахстанская правда» республикалық газеті – басылымның 105 жылдығына орай, Kazinform ақпарат агенттігі – 105 жылдық мерейтойға орай, Zakon.kz интернет-басылымы – Жұмысшы мамандықтары жылына арналған арнайы аталым бойынша иеленді.



Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Үркер» ұлттық сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылды, олардың 440-ы шорт-листке енді. Осы уақыт ішінде «Үркер» естелік мүсіншесі 133 үздік отандық БАҚ өкіліне табысталды, олардың жұмыстары журналистиканың түрлі салаларында жоғары бағаланды.

Оқи отырыңыз: Astana Media Week 2025: жылдың үздік медиа мамандары марапатталды

Новости партнеров