Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді
Астана қаласында «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталмыш сыйлық баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы мамандардың кәсіби жетістіктері үшін беріледі.
Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Сондай-ақ «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының арнайы марапаттары да табысталды.
Арнайы сыйлықты «Казахстанская правда» республикалық газеті – басылымның 105 жылдығына орай, Kazinform ақпарат агенттігі – 105 жылдық мерейтойға орай, Zakon.kz интернет-басылымы – Жұмысшы мамандықтары жылына арналған арнайы аталым бойынша иеленді.
Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Үркер» ұлттық сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылды, олардың 440-ы шорт-листке енді. Осы уақыт ішінде «Үркер» естелік мүсіншесі 133 үздік отандық БАҚ өкіліне табысталды, олардың жұмыстары журналистиканың түрлі салаларында жоғары бағаланды.
Оқи отырыңыз: Astana Media Week 2025: жылдың үздік медиа мамандары марапатталды