Лифтті жөндеу кезінде көтергіш құрал үзіліп, кабина 7-қабаттан құлаған
Астанада жеделсаты құлап, бір адам көз жұмды. Қайғылы жағдай «Арыстан» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Лифтті жөндеу кезінде көтергіш құрал үзіліп, кабина 7-қабаттан құлаған. Салдарынан онда жұмыс істеп жатқан екі азамат жарақат алып, біреуі көз жұмды. Зардап шеккен жұмысшылар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің мәліметінше, екеуінің де халі ауыр. Аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал жергілікті тұрғындар үйдегі барлық жеделсатының жиі істен шығатынын айтып, түгел ауыстыруды талап етіп отыр.
«Алты ай болды жеделсатыны жарамсыз деп білдік. Екі айдан бері жөндеу жатыр», – деді Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Шолпан Тримова.
Оқи отырыңыз: Түрмедегі тапсырыс: Тыйым салынған заттар колонияға келген жүк көлігінен табылды