Астанада жекеменшік балабақша орналасқан екі қабатты ғимарат өртке оранды

04.09.2026 19:11

Астанада жекеменшік балабақша орналасқан екі қабатты ғимарат өртке оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде нысанның шатырын ашық жалын шарпып, жанып жатқан. Құтқарушылар тілсіз жаудың таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Назар аударарлығы, ғимараттың бірінші қабатында сауна мен сыра дүкені, ал екінші қабатында  балабақша орналасыпты.

Оқи отырыңыз: ҰҚК биыл 24 қылмыстық топтың жолын кесті

 

 

Толық көрсету