ҰҚК биыл 24 қылмыстық топтың жолын кесті
Күдіктілердің адам ұрлау, бопсалау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы 169 күдікті ұсталған. Олардың арасында қылмыстық топ жетекшілері де бар. Күдіктілердің адам ұрлау, бопсалау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында заңсыз кіріс әкелетін қылмыстық схемаларды да анықтап, жолын кескен. Қазір осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Бастығым шақырды: қызметтік көлік апатына қатысты жаңа деректер шықты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34