Астанада жеңіл атлетикалық эстафета өтті

Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада 500-ге жуық спортшы жеңіл атлетикалық эстафетаға қатысты. Бұл іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайысқа әртүрлі жастағы қатысушылар – мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері шақырту алған. Ал жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, эстафетаның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау.  

«Мектеп оқушылары колледж және ЖОО студенттері арасында жеңіл атлетикалық эстафета өтіп жатыр. Оның ішінде 18 мектеп, сонымен қатар 10 колледж және 4 университет өтінім білдірді. Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты –жастар арасында бұқаралық спортты, салаутты өмір салтын насихаттау, Жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысында қыршын кеткен ата-баба рухына құран бағыштап, ұлықтау», – деді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Нөсербай.

Сайысқа спортшылар тыңғылықты дайындықпен келген. Әрқайсысы өз қабілеттерін барынша көрсетуге тырысты. Көпшілігі бұл сайыстан үлкен әсер алып, келесі жылы да қатысуға ниет білдірді.  

 «Жарыста командамызда 12 адам болды. Бірінші орында келдік. Қарсыластар өте мықты, сайыс өте күшті өтті. Жүгірдік, жеңдік!» – деді эстафета жеңімпазы Диас Уранов.

Оқи отырыңыз: Соғыс ардагерлері салықтың қай түрінен босатылған

Новости партнеров