Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 25 миллион теңгеге жуықтаған
Елордада жиһаз жасайтын компания ретінде жалған жарнама беріп, 19 адамды алдаған екі алаяқ сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берушілерді тартқан. Жарнамадағы мінсіз көрініске сенген азаматтар компания өкілдерімен келісімшарт жасасып, жиһазға тапсырыс берген. Алаяқтар жәбірленушілердің үйіне келіп, қажетті өлшемдерді алғаннан кейін алдын ала төлем талап еткен. Мәселен, тапсырыс берушілердің бірі оларға 4,5 миллион теңге аударған. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдіктілер онымен байланысын үзген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 25 миллион теңгеге жуықтаған.
Сот үкімімен екі азаматтың әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар олар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылды.
Оқи отырыңыз: Пәтерсіз қалған тұрғындар: Қостанайдағы ірі алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты