Мемлекет басшысы спортшыларды Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады

07.09.2026 14:15

Қазақстандық спортшылар дүбірлі дода қорытындысы бойынша 74 медаль жеңіп алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандық спортшылар дүбірлі дода қорытындысы бойынша 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар.

Президент спортшыларымыздың бұл жоғары нәтижеге тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбектің және мұқалмас ерік-жігердің арқасында қол жеткізгенін атап өтті. Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын білдірді. 

Оқи отырыңыз: Баскетбол және шоу: Алматыда Media Basket Almaty сайысы мәресіне жетті


 

Толық көрсету