Астанада жүк көтергіш кран құлап, бір адам көз жұмды

28.08.2026 15:10

Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр

Almaty.tv

Астанада құрылыс жұмыстары кезінде жүк көтергіш кран құлап, бір адам қаза тапты деп, хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға кеше болыпты. Ақпаратты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті растады. Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмған адам кранның кабинасында болған көрінеді. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тиісті органдар апаттың мән-жайын тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмысы жалғасып жатыр

Толық көрсету